389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде үшінші рет Бүкіләлемдік универсиада өткізіледі

  • 378
  • UPD: 11:09, 03.07.2019
Ресейде үшінші рет Бүкіләлемдік универсиада өткізіледі

Халықаралық университет спорты федерациясының отырысында Атқарушы комитет 2023 жылғы жазғы Универсиаданың астанасын таңдады.

Қатысушылар бірауыздан Ресейдің Екатеринбург қаласына дауыс берген, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі. Бүгін Наепольда өткен отырыста Ресейдің ірі спорттық жарыстарды өткізуден тәжірибесі мол екендігіне басымдық берілді. Атап айтар болсақ, көрші елде футболдан әлем чемпионаты, қысқы және жазғы универсиада ойындары мен олимпиада өткен болатын. 

Еске сала кетейік, 2013 жылы Ресейдің Қазан қаласында жазғы Универсиада өтсе, 2019 жылы Красноярскіде студенттердің қысқы ойындары ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы