388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам қазақтың батыр аналарына алғыс айтты

  • 763
  • UPD: 23:55, 04.07.2019

Жұма күні Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға Қанат Ислам бастаған бір топ қазақ жігіттері қатысады. Жарақатына байланысты біраз үзілістен кейін кәсіпқой рингкке қайта оралған Қанат доминикандық Хулио де Хесуспен WBO Inter-Continental белбеуі үшін жұдырықтасады. Сондай-ақ бұл кеште Мадияр Әшкеев пен Руслан Мырсатаев және Арман Рысбек пен Берікбай Нұрымбетов секілді боксшыларымыз әлемнің әр бұрышынан келген қарсыластарымен қолғап түйістіреді. Журналистерге арналған баспасөз мәслихатында қонақ боксшы дөрекілеу сөйлеп, Қанаттың қытығына тиді. Бірақ қашан да сөзбен емес, ісімен дәлелдеуді көздейтін жерлесіміз бұл жолы да салқынқандылық танытты. Дегенмен доминикандық боксшының сөздерін көтере алмаған жанкүйерлердің бірі Хесусты сабырға шақырды.

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы: 

– Қарсыластың сөзіне, әйел болса да, апайымыздың намыстанып жатқанына қарап ойлаймын. Қазақтың ашаршылықтан да, соғыстан да, бүкіл қиындықтан құтқарып қалған осы қазақтың батыр аналары. Рақмет! Өзіңіздей намысты аналарымыз бар жерде, осындай елде өмір сүріп жатырмыз. Аналарымыз аман болсын! Аналарымыз жыламасын! Рақмет сізге, аман болыңыз!

Хабар 24 телеарнасы