389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде велошеру ұйымдастырылды

  • 368
  • UPD: 14:36, 08.07.2019
Семейде велошеру ұйымдастырылды

Қатысушылар Мұхтар Әуезов алаңынан Ертіс жағалауына дейінгі қашықтықты еңсерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халыққа қызмет көрсету, төлем орталығы, жер кадастры және жылжымайтын мүлік мамандары төрт шақырымдай жолды бағындырды. Марафонға жалпы саны 50 адамдай атсалысты. Әсіресе егде жастағы кісілер белсенділік танытты. Ең егде велосипедшінің жасы – 62-де. Мәре сызығын қиған қатысушылар мен тұрғындар үшін жағалауда мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Сәнібек Исабеков, веломарафонға қатысушы:

– Бүгін жасым 62-де болса да, велоспортқа қатысып отырмын.  Жастарды спортпен айналысуға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы