383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америка кубогы Бразилияға бұйырды

  • 248
  • UPD: 10:27, 08.07.2019
Америка кубогы Бразилияға бұйырды Eurosport

Бразилия тарихта осымен тоғазыншы рет футболдан Америка кубогын жеңіп алды.

Латынамерикалық елдің құрамасы Перудің ұлттық командасын ойсырата ұтты. Сөйтіп Рио-де-Жанейрода өткен жарыс 3:1 нәтижесімен аяқталды. Бразилия командасына Эвертон, Жесус және Ришарлисонның голдары жеңіс әкелді. Ал перулық құрамадан Гарреро ерекше көзге түсті.

Еске сала кетейік, бразилиялықтар Америка кубогын соңғы рет 2007 жылы жеңіп алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы