389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дычко қарсыласын екінші раундта нокаут қылды

  • 212
  • UPD: 10:22, 13.07.2019
Дычко қарсыласын екінші раундта нокаут қылды

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (8-0, 8 КО) кәсіби рингте өзінің 9-кездесуін өткізді.

Ол Голливудта (АҚШ, Флордиа штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino ойын-сауық кешенінде өнер көрсетті. Ауыр салмақта 8 раундтқа есептелген жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Нэйт Хэвен (9-2, 7 КО) болды. Дычко қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді. Осылайша, Иван кәсіби бокстағы өзінің 9-жеңісіне қол жеткізді және 9 кездесуді де нокаутпен аяқтады. Ал Хэвен үшінші рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, алдында Дычко тәжірибелі бразилиялық боксшы Рафаэль Зумбаномен (39-16-1, 31 КО) шығуы керек болатын. Алайда бұл кездесу болмай қалды.

sports.kz

Хабар 24 телеарнасы