386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токио Олимпиадасына Жапонияның өзінде 3 млн-нан аса билет сатылып кеткен

  • 279
Токио Олимпиадасына Жапонияның өзінде 3 млн-нан аса билет сатылып кеткен BNews.kz

Тура бір жылдан кейін Токио олимпиадасы басталады.

Жапония астанасындағы кешенді сынның ашылу салтанаты 2020 жылы 24 шілдеде өтеді. Ойындарды үйлестіру комиссиясының төрағасы Джон Коутс қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Олимпиадалық стадионның құрылыс жұмыстары тоқсан пайызға аяқталған. Қараша айында ойындардың ашылу және жабылу салтанаты өтетін кешен пайдалануға беріледі. Су спортынан жарыстар өтетін алаңдар жоспар бойынша 2020 жылдың ақпан айында дайын болады. Мамандарды тек қаладағы ауа райы алаңдатып отыр. Шілде айында Токиода күн қатты ыстық болады. Сондықтан барлық кешендерде салқындатқыш құрылғылары орнатылуы тиіс. Соған қарамастан жергілікті тұрғындардың ойындарға деген қызығушылығы жоғары. Бүгінге дейін Жапонияның өзінде 3 млн-нан аса билет сатылып кеткен. Есесіне шығын көлемі де өсіп барады. Олимпиаданың бюджеті 12 млрд долларға жетіпті.

Хабар 24 телеарнасы