386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


З.Дияс Вашингтон турнирінде украиналық теннисшімен бақ сынасады

  • 337
  • UPD: 08:01, 31.07.2019
З.Дияс Вашингтон турнирінде украиналық теннисшімен бақ сынасады

Зарина Дияс Вашингтон WTA турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 84-ракеткасы З.Дияс дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған америкалық 15 жасар теннисші Кори Гауффпен кездесті.

К.Гауфф биыл Уимблдон турниріне іріктеу сайыстарынан кейін қосылып, негізгі жарыста отандасы, атақты Винус Уильямс сынды мықтыларды ұтқан еді. К.Гауфф Вашингтон турниріне де іріктеуден кейін жолдама алды. Дегенмен бұл жолы оған қарағанда, әлдеқайда тәжірибелірек Зарина Дияс ойын тізгінін қолына нық ұстады. Ол 1 сағат 19 минутқа созылған матчта 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Зарина жүлде қоры 250 мың АҚШ долларына бағаланған доданың екінші айналымына шықты. З.Дияс ширек финалға шығу үшін осы турнирдің бесінші, әлемнің 35-ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен таласады.

Хабар 24 телеарнасы