386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үстел теннисінен Қазақстан командасы АІВА базасында жаттығу өткізіп жатыр

  • 186
  • UPD: 15:30, 03.08.2019
Үстел теннисінен Қазақстан командасы АІВА базасында жаттығу өткізіп жатыр

Үстел теннисінен Қазақстан командасы Бүкіләлемдік бокс академиясының базасында (АІВА, Алматы облысы) оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Жаттығу кезеңі бапкер әрі кеңесші Дмитрий Левенконың басшылығымен өтуде.

«Мұнда осымен екінші рет оқу-жаттығу жиындарын өткізудемін. Спортшылардың ойын әдісін жақсартып, техникасын дұрыстауға көңіл бөліп жатырмыз. Жаттығу жұмыстары өз жемісін беруде. Жас спортшылардың техникасы жақсарып келеді. Ендігі кезекте психологияға мән беріп, соққыларды орындау және қабылдауға назар аударамыз. Бұл жиында техниканы екінші планға қалдырып, ментальды жаттығуды бірінші орынға шығардық. Бұл спортшының өз эмоциясы мен ойларын жинақтап, бақылауда ұстауына мүмкіндік беретін психологиялық жаттығулардың жиынтығы», - дейді Левенко.  

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы