385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Инсайдер Головкиннің жекпе-жегіне қатысты соңғы жаңалықтарды хабарлады

  • 169
  • UPD: 17:15, 12.08.2019
Инсайдер Головкиннің жекпе-жегіне қатысты соңғы жаңалықтарды хабарлады vesti.kz

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) IBF титулы үшін Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізу ықтималдығы артып отыр.

Бұл туралы инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) хабарлады.

– Мәлімет көздерінің ақпаратынша, Головкин мен Деревянченконың орта салмақтағы титул үшін DAZN-дегі жекпе-жегі сөзсіз болатынға ұқсайды, қазір келісімшарт даярланып жатыр. Жекпе-жекті MSG аренасында 5 қазанда өткізу үшін келісімшартқа жақын күндері қол қойылу керек, - деп жазыпты журналист өзінің твиттер желісінде.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы