387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлы 27 жекпе-жекте жеңілмеген боксшыны нокаут қылды

  • 355
  • UPD: 09:01, 18.08.2019
Жәнібек Әлімханұлы 27 жекпе-жекте жеңілмеген боксшыны нокаут қылды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) кәсіби рингтегі жетінші жекпе-жегін өткізді.

Отандасымыз таяуда Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінде канадалық Стюарт МакЛелланмен (27-3-3, 11 КО) жекпе-жекке шықты. Орта салмақтағы он раундқа созылған айқаста Әлімханұлы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді және де екінші, бесінші раундта қарсыласын ногдаунға түсірді. Енді Жәнібектің есебінде жеті жеңіс бар, ал МакЛеллан кәсіби бокста төртінші рет сүрініп отыр.

Хабар 24 телеарнасы