387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгия ғалымдары формула арқылы әлемнің үздік футболшысын анықтады

  • 326
  • UPD: 22:00, 21.08.2019
Бельгия ғалымдары формула арқылы әлемнің үздік футболшысын анықтады prosports.kz

Бельгияның Левен католиктік университетінің ғалымдары өздері ойлап тапқан формула арқылы әлемнің үздік футболшысын анықтап көрді, деп жазады Prosports.kz.

Үздік футболшы аргентиналық Лионель Месси мен португалиялық Криштиану Роналдудың арасында анықталды.

VAEP формуласы 2013/14 маусымынан бері футболшылардың нәтижелі әрекеттерінен бөлек олардың соққы жасауы, алдау, допты тартып алу секілді өзге ойын қимылдарының нәтижелігіне қараған. 

- Алғашқы кезде Роналду мен Мессидің көрсеткіші бірдей болатын. Алайда 2015/16 маусымында Месси бәсекелесінен әлдеқайда озып кетті, - дейді зерттеу жұмысына қатысушы аспирант.

Зерттеудің қорытындысы бойынша, Роналдудың бір ойындағы VAEP көрсеткіші – 61, ал Мессидікі 1,21 тең болған.

Хабар 24 телеарнасы