389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Канело» мен Ковалев қарашада жұдырықтасуға келісті

  • 176
  • UPD: 09:28, 09.09.2019
«Канело» мен Ковалев қарашада жұдырықтасуға келісті Tengrinews.kz

Америкалық Theathletic.com басылымының хабарлауынша, мексикалық былғары қолғап шебері Сауль Альварес пен ресейлік Сергей Ковалев 2 қарашада рингте кездесу өткізуге дайын.

Бокс кеші ауыр салмақта, Лас-Вегаста өтеді. Боксшылардың жекпе-жегі туралы ресми түрде тек келесі аптада хабарланбақ.

Айта кетейік, тамызда Ковалев британиялық Энтони Ярдке қарсы жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы белбеуін қорғап қалған еді. Жекпе-жектен кейін Ковалев жартылай орта салмақта WBA және WBC белбеулерінің иегері мен екінші орта салмақта WBA тұрақты чемпионы Сауль Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.

Дереккөз:Tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы