389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық фристайлшылар Қытайда өтетін әлем кубогына қатысады

  • 179
  • UPD: 12:34, 09.09.2019
Қазақстандық фристайлшылар Қытайда өтетін әлем кубогына қатысады

Қазақстандық акробаттар үшін жаңа жарыс маусымының шымылдығы  21 желтоқсанда Қытайда өтетін әлем кубогында түріледі.

Биыл халықаралық додаларда ел намысын команда көшбасшысы Жанбота Алдабергеновамен бірге 6 спортшы қорғайды.

Өткен маусымда Жанбота Универсиадада үшінші орын алып, 2019 жылғы әлем біріншілігінде тоғызыншы орынға табан тіреген еді.

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының тізімі: Ақмаржан Қалмұрзаева, Іңкәрбек Бағлан, Елдар Бадрутдинов, Роман Иванов, Аяна Жолдас, Маржан Ақжігіт.

Сондай-ақ, қазақстандық акробат Жібек Арапбаева биылдан бастап фристайл-акробатикадан құраманың аға жаттықтырушысы.

Хабар 24 телеарнасы