386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алан Құрманғалиев Hopes Week турнирінің үздік теннисшісі атанды

  • 149
  • UPD: 12:15, 14.09.2019
Алан Құрманғалиев Hopes Week турнирінің үздік теннисшісі атанды

Халықаралық үстел теннисі федерациясы Hopes Week турнирінің аймақтық, құрлықтық және әлемдік серияларын қорытындылап, 2019 жылдың үздік жас теннисшісін анықтады деп хабарлайды Olympic.kz

Үздік жас теннисші атағын қарағандылық Алан Құрманғалиев жеңіп алды. Эльмира Алиева жаттықтыратын жас спортшы енді 2020 жылы ITTF ұйымдастыратын ірі халықаралық жарыстарға тегін қатысады. 

Айта кетелік, Алан Құрманғалиев Омандағы ITTF World Hopes Week and Challenge турнирінің күміс медалін иеленген.

Хабар 24 телеарнасы