389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ӘЧ-2019: Сәкен Бибосынов алғаш болып жартылай финалға шықты

  • 274
  • UPD: 17:36, 18.09.2019
ӘЧ-2019: Сәкен Бибосынов алғаш болып жартылай финалға шықты

Бокстан Екатеринбургтегі әлем чемпионатында ширек финалдық бәсекелер басталды.

Бұл айналымда Қазақстан атынан жеті боксшы сынға түсуде. 52 келідегі жекпе-жекте Сәкен Бибосынов алғаш болып жартылай финалға жолдама алды, деп жазады Olympic.kz. 

Ширек финалдағы кездесуде Сәкен армениялық артур Оганесянды 4:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына өтті. Әзірге Сәкеннің еншісінде кем дегенде қола медаль бар. Финал жолдамасы үшін таласта Бибосынов үндістандық боксшымен жұдырықтасады.   

Хабар 24 телеарнасы