389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олимпиадалық даярлау орталығы болашақ чемпиондар дайындығын қолға алды

  • 231
Олимпиадалық даярлау орталығы болашақ чемпиондар дайындығын қолға алды

Елордадағы олимпиадалық даярлау орталығы болашақ чемпиондар дайындығын қолға алды.

Осыдан бірер жыл бұрын «Олимпиадалық үміт» деген атаумен балалар арасында веложарыс өткізіп көрген. Кейін үздіктері осы спорт түрін таңдап, әр түрлі бәскелерде топ жара бастады. Осыған орай доданы дәстүрлі өткізу туралы шешім қабылданып, алдағы демалыс күндері кезекті рет жас спортшылардың басын қоспақ. Яғни гран-при үлгісіндегі жарысқа 300-ден аса бүлдіршін қатысады. Олар республикалық велотрек алаңында 3 жас деңгейі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Бұл тәжірибе шетелде кеңінен қолданылады және жобаның балалар спортын дамытуға үлесі зор дейді сала мамандары.

Хабар 24 телеарнасы