389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ медалі ұлттық нақышта жасалған

  • 211
  • UPD: 14:25, 23.09.2019
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ медалі ұлттық нақышта жасалған

25 қыркүйекте Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталады.

Дүниежілік біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұлттық нақышта өрнектелген медальдармен марапатталады. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлап отыр.

25-29 қыркүйек күндері өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 64 елден 500-ге жуық жас татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Ел намысын бұл додада 32 дзюдошы қорғайды.

Жарыс күн сайын сағат 10:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Жарысқа кіру тегін.

Хабар 24 телеарнасы