389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар Үндістанда жүзу спортынан күміс және қола медаль иеленді

  • 344
  • UPD: 13:10, 26.09.2019
Қазақстандықтар Үндістанда жүзу спортынан күміс және қола медаль иеленді blogspot.com

Үндістанның Бангалор қаласында су спорты түрлері бойынша құрлықтық дода өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күндері жасөспірімдер арасындағы бәсекелер болды және жерлестеріміз жеңіс тұғырына бірнеше рет көтерілді.

Атап айтқанда, 400 метрлік эстафетада қазақстандық спортшылар күміс жүлдеге қол жеткізді. Наталья Шпилева баптайтын жігіттер Жапония құрамасына ғана есе жіберді. Ал елордадағы  №4 спорт мектебінің тағы бір шәкірті Арсен Қожахметов қола жүлдегер атанды. Ол брасс әдісімен 50 метрді 31,49 секундта бағындырды. Азия біріншілігі 2 қазанға дейін жалғасады және осы аралықта ұлттық құрама тағы бірқатар қашықтық бойынша бағын сынайды.

Айта кетейік, құрлықтық дода аясында су добы, суға секіру және синхронды жүзу шеберлері де өзара мықтыны анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы