389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин жанкүйерлеріне алғыс айтты

  • 151
  • UPD: 15:20, 06.10.2019
Головкин жанкүйерлеріне алғыс айтты instagram.com

Геннадий Головкин барша қазақстандықтар мен қолдау білдіргендерге алғыс білдірді.

«Барлығыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет! Аренаға келгендер мен экранның ар жағында маған жанкүйер болған адамдардың барлығына рақмыт. Ең үздік - сіздер!» - деп жазды GGG Instagram желісідегі парақшасында.

6 қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында болған жекпе-жек 12 раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша Головкин төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

***

Қ.Тоқаев: Гена кәсіпқой бокстың хас шебері екенін дәлелдеді

Елбасы Головкинді жеңісімен құттықтады


Хабар 24 телеарнасы