388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин: Сергеймен реванш өткізуге дайынмын

  • 211
Головкин: Сергеймен реванш өткізуге дайынмын

Украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жұдырықтасып, оны жеңген Геннадий Головкин жекпе-жек туралы өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Мен қарсыласыма рақметімді айтамын. Оның тамаша командасы бар. Бірінші раундтан кейін ауыр айқас болатынын түсіндім. Мен үшін бүгін сәтті күн өтті деп ойламаймын. Теңдігімді жоғалтып алдым. Сергей үлкен ерлік көрсетті. Мен оған реванш беруге дайынмын ба? Әрине, бұл DAZN мен жанкүйерлер үшін үлкен айқас болса, онда мен дайынмын. Сергей мен оның командасына алғысымды білдіргім келеді. «Канеломен» жекпе-жек пе? Мен бәріне дайынмын. Көптеген тамаша чемпиондар бар. 37 жасымда мен ынта-жігеріммен дайындалып, барынша жинақы болуға тырысамын, - деді Геннадий айқастан кейін берген сұқбатында.

Айта кетейік, Головкин төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері IBF және IBO тұжырымдарының белдігін қайтарып алды.

Хабар 24 телеарнасы