388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин жекпе-жектерден шеттетілді

  • 260
Головкин жекпе-жектерден шеттетілді

Геннадий Головкин жекпе-жектерден уақытша шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

5 қазан күні Нью-Йоркте қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанғанды. BoxRec.com басылымының хабарлауынша, осы жекпе-жектен кейін Нью-Йорк штатының Атлетика комиссиясы Головкиннің рингке шығуына тыйым салды. Тыйымның мерзімі белгіленбеген. Бұл «шеттетудің» себебі – спортшы атаулының қайта бабына келуі үшін жасалатын медициналық тұжырым. Еске сала кетейік, екі боксшы да жекпе-жектен соң ауруханаға жеткізілген. Эдди Хирннің айтуынша, Головкин қолынан жарақат алған көрінеді. Головкиннің артынан Деревянченко да жекпе-жектерден шеттетілді. Сондай-ақ, BoxRec.com басылымының хабарлауынша, украиналық боксшы емделіп, қайта бабына келуі үшін рингке шығуына тыйым салынды. Тыйымның мерзімі белгіленбеген.

Хабар 24 телеарнасы