389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында ұлттық спорт түрлерінің бесінші турнирі өтеді

  • 193
  • UPD: 15:03, 09.10.2019
Атырау облысында ұлттық спорт түрлерінің бесінші турнирі өтеді

«Алтын тұлпар – Жайық жағасында». Биыл ұлттық спорт түрлерінің бесінші турнирі Атырау облысында өтеді.

12 қазанда Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл селосының маңайын елімізге танымал тұлпарлар дүбірлететін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараны ҚР Этноспорт қауымдастығы мен облыстық әкімшілігі «Nur Otan» партиясының қолдауымен ұйымдастыруда. Жарыс жолына шығатын жүйріктердің тоғызына жүлде бар. Жүлде қоры – 22 миллион теңге. 51 шақырымдық аламанның бас бәйгесіне 10 млн теңге тігіліп отыр. Сондай-ақ мұнайлы өңірде қазанның 11-12 күндері «Дарабоз-2019» халықаралық турнирі өтеді. Көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, аламан, топ және құнан бәйге, жорға жарысы, құмай тазы жарыстары сынды ұлттық спорт түрлерінен өтетін бұл турнирге Қазақстан және шетел командалары қатысады. Ұлтты спорт түрлерінен бақ сынасушылар 32 миллион теңгенің жүлдесін сарапқа салады.

Нұрсұлтан Ибрагимов, ұлттық спорт қауымдастығының бас хатшысы:

- «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі төрт жылдық тарихында 400-ден аса аттардың бәйге жолына шығып, қатысып, басым бөлігі қазақтың қолтума аттарының қатысып жатқандығы бізді қуантып отыр. «Алтын тұлпар» бұл енді жылдың бәйгенің басты жобасы десек, артық айтқандлық емес.

Хабар 24 телеарнасы