388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бетербиев Гвоздикті нокаутқа түсірді

  • 211
Бетербиев Гвоздикті нокаутқа түсірді Prosports.kz

Филадельфиядағы Liacouras Center аренасында WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Артур Бетербиев (14-0) пен украиналық Александр Гвоздик (17-0) арасында біріктірілген жекпе-жек өтті, деп жазады Prosports.kz.

Бетербиев 9-раундта басымдықты өз қолына алып, Гвоздикті нокдаунға жіберді. Ал 10 раунд аяқталуға жақын қалғанда украиналық тағы да ринг төсенішінен көтеріле алмады. Төреші кездесуді тоқтатып, Артурдың қолын көтерді.

Украина боксшысын техникалық нокаутпен жеңген Артур Бетербиев кәсіпқой рингтегі 15 жеңісіне қол жеткізді және өзіндегі IBF тұжырымының белбеуіне қоса, WBC тұжырымының да белбеуіне ие болды.

Гвоздик кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Хабар 24 телеарнасы