386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жылдың үздік жас ойыншысы атағына кімдер таласады

  • 143
Жылдың үздік жас ойыншысы атағына кімдер таласады France Football

France Football журналы 21 жасқа дейінгі жылдың үздік ойыншысына берілетін Kopa Trophy сыйлығына үміткерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімге он ойыншы енген:

Ли Канг Ин(«Валенсия», Оңтүстік Корея), Самуэль Чуквуезе («Вильярреал», Нигерия), Мойзе Кин («Эвертон», Италия), Джейдон Санчо («Боруссия» Дортмунд, Англия), Жоау Фелиш («Атлетико», Португалия), Матейс де Лигт («Аякс»/«Ювентус», Нидерланд), Винисиус Жуниор («Реал», Бразилия), Кай Хаверц («Байер», Германия), Маттео Гендузи («Арсенал», Франция), Андрей Лунин («Вальядолид»/«Реал», Украина).

Жеңімпаздың есімі 2 желтоқсанда Парижде белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы