384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшылар VII Бүкіләлемдік әскери ойындарында чемпион атанды

  • 570
  • UPD: 23:30, 27.10.2019
Қазақстандық боксшылар VII Бүкіләлемдік әскери ойындарында чемпион атанды

Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарында бокс жарысы соңына жетті. Қазақстанның Қарулы күштері екі «алтын» және екі «күміс» медальды қорғынға салып, командалық есепте чемпион атанды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Алғашқы «алтынды» 49 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Теміртас Жүсіпов иеленді. Ақтық сында ол Үндістанның боксшысы Дипакты 5:0 есебімен ойсырата ұтты.
Екінші «алтынды» қоржынға салған 69 келі салмақ дәрежесіндегі Асланбек Шымбергенов те финалда өзбек боксшысы Билолбек Мирзарахимовты 5:0 есебімен жеңді.

Ал «күміс» медальдарды -64 келі салмақта Ділмұрат Мижитов пен -91 келі салмақтағы Абзал Құттыбеков еншіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша 109 елдің спортшылары қатысқан бәсекеде Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. 

Айта кетсек, VII Бүкіләлемдік әскери ойындарының жалпы есебі бойынша Қазақстанның қоржынында 4 «алтын», 3 «күміс» және 5 «қола» жүлде бар.

Хабар 24 телеарнасы