419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшылар Токиодағы турнирді жеңіспен бастады

  • 561
  • UPD: 23:16, 30.10.2019
Қазақстандық боксшылар Токиодағы турнирді жеңіспен бастады

Жапония астанасы Токиода бокстан халықаралық турнир басталды. 2020 жылғы Олимпиада ойындары өтетін спорттық нысанды сынақтан өткізу мақсатында ұйымдастырылған бәсекеге қазақстандық боксшылар да қатысып жатыр деп жазады Olympic.kz. 

63 келіде жұдырықтасқан Санатәлі Төлтаев бірінші кездесуді австралиялық боксшыны техникалық нокаутпен ұтты. Сондай-ақ 91 келіде сынға түскен Айбек Оралбай да үндістандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Айбек келесі айналымда Бразилия боксшысына қарсы шығады. 

Ал қыздар арасында сынға түскен Римма Волосенко турнирдің ақтық сынында жұдырықтасады.

Хабар 24 телеарнасы