384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» 20 жылдығына орай клубтың танымал жеті ойыншысының жейдесін желбіретті

  • 108
  • UPD: 18:54, 01.12.2019
«Барыс» 20 жылдығына орай клубтың танымал жеті ойыншысының жейдесін желбіретті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні «Барыс Аренада» «Барыс» хоккей клубының 20 жылдығына орай оның дамуына зор үлес қосқан ойыншыларды ардақтау салтанатты рәсімі өтті.

«Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шайбалы хоккеймен қоса, жалпы спортты дамытуға зор үлес қосты. Оның жеке көңіл бөлуі мен қолдауының арқасында қазіргі хоккей инфрақұрылымы құрылды. Бұл заманауи мұзайдын сарайы да Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша салынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кәсіби және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға баса назар аударып отыр. Спортшылар үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр», - деді Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының Президенті Асқар Мамин.

«Барыс Арена» күмбезінің астында клубтың жеті ойыншысының: Виталий Еремеев, Николай Антропов, Александр Корешков, Талғат Жайлауов, Федор Полищук, Брэндон Боченски және Кевин Даллмэнның жейделері көтерілді.

«Қазір «Барыс» – балалар хоккейінен бастап кәсіби деңгейге дейінгі спортшыларды дайындаудың қалыптасқан жүйесі. Клуб құрылғаннан бері оның қасында жүргендердің барлығына: «Барыстың» тарихын жасаған әрі көптеген жанкүйерлерінің қолдауына ие болған ойыншыларға және жаттықтырушыларына алғыс айтқым келеді», - деді А. Мамин, «Барыс» клубын 20 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып.

«Барыс» командасының еңбек сіңірген ойыншыларын ардақтау рәсімі «Барыс» - «Динамо» Минск матчы басталар алдында өткізілді.

«Барыс» хоккей клубының Баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы