376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

  • 421
  • UPD: 15:50, 12.12.2019
Ақтөбеде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

Желтоқсанның 15-і мен 16-сы аралығында Ақтөбе қаласында қазақ күресінен айтулы жарыс өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Әлем чемпионаты деп айдар таққан белдесу бәсекесіне 40-қа жуық елдің балуандары қатысады. Бұл туралы бүгін осы сайысты ұйымдастыруға жауапты тұлғадардың бірі Ұлан Рысқұл мәлімдеді. Білекті жігіттер сегіз салмақта сынға түседі. Бұл жарысқа Куба құрамасын дзюдодан олимпиада ойындарының жүлдегері Оскар Рене бастап келді. Қазір Бостандық аралында қазақ күресін дамытуды қолға алған балуан бас бапкер ретінде шәкірттеріне ақыл-кеңесін береді. Оңтүстік Корея балуандарын олимпиада чемпионы Ли Вон Хи жаттықтырады. Дзюдодан олимп шыңын бағындырған кәріс жігіті енді шәкірттерін қазақ күресіне баулиды.

Оскар Рене,  қазақ күресінен Куба құрамасының бас бапкері:

– Біз қазір Кубаның әр аймағында қазақ күресінің үйірмелерін ашып жатырмыз. Әзірге құжат мәселесі қолбайлау болып тұр. Аталған жағдай реттелген соң, қазақ күресінен Кубаның ресми чемпионатын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл турнир келесі жылы өтетін болады.  

Ли Вон Хи, қазақ күресінен Оңтүстік Кореяның бас бапкері:

– Мені қазақ күресімен дзюдода жүрген досым таныстырды. Маған бұл белдесу ұнады. Сосын қазақ күресінің шығу тарихы мен әдіс-тәсілдерін оқи бастадым. Бұл күрес маған жақсы әсер етті. Сондықтан осы белдесу спортын дамытуды жөн көріп, шәкірт тәрбиелей бастадым.

Хабар 24 телеарнасы