412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ күресінен әлем чемпионатына 40-тан астам ел қатысады

  • 624
  • UPD: 09:46, 13.12.2019
Қазақ күресінен әлем чемпионатына 40-тан астам ел қатысады

Қазақ күресінен әлем чемпионатын «Qazaq Kuresi» халықаралық федерациясы ұйымдастырып отыр. Турнирге 40-тан аса елдің спортшысы қатысады, деп хабарлады prosports.kz.

Олардың қатарында Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және тағы басқа елдер бар. Балуандар 8 салмақ дәрежесінде белдеседі.

Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген 8 төреші және өз елімізден 12 төреші төрелік етеді.

Хабар 24 телеарнасы