380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан әйелдер құрамасы ФИФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды

  • 277
  • UPD: 23:26, 14.12.2019
Қазақстан әйелдер құрамасы ФИФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) әйелдер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Өткен айдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы өз орнын сақтап қалды – 76-орын. 

Қазақстан қыздар құрамасы қазан-қараша айларында 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде үш ойын өткізді. Біздің бұрымды футболшылар Солтүстік Македония (1:4), Франция (0:3) және Австриямен (0:9) кездесті.

2019 жылы 13 желтоқсандағы әйелдер құрамалары арасындағы ФИФА рейтингі:

  1. АҚШ - 2174
  2. Германия - 2078
  3. Нидерланд - 2035
  4. Франция - 2033
  5. Швеция - 2022
  6. Англия - 2001
  7. Австралия - 1963
  8. Канада - 1958
  9. Бразилия - 1956
  10. Жапония - 1942

...

  1. Австрия - 1797
  2. Ресей - 1708
  3. Украина - 1697

   41. Сербия - 1553

   42. Өзбекстан - 1543

   53. Беларусь - 1437

   75. Әзербайжан - 1326

   76. Қазақстан - 1318

   77. Албания - 1316

   91. Латвия - 1223

   94. Эстония - 1206

   105. Литва - 1168

   111. Грузия - 1145

   118. Қырғызстан - 1118

   125. Солтүстік Македония - 1073

   128. Тәжікстан - 1035

Хабар 24 телеарнасы