424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ронда Роузиді жеңген файтер UFC чемпионы титулын сәтті қорғады

  • 459
  • UPD: 16:11, 15.12.2019
Ронда Роузиді жеңген файтер UFC чемпионы титулын сәтті қорғады Vesti.kz

Бразилиялық Аманда Нуньес аса жеңіл салмақта UFC чемпионы атағын сәтті қорғады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында UFC 245 турнирінде өнер көрсетті. Нуньестің қарсыласы голландиялық Жермейн де Рандами болды. 

Нуньес жекпе-жек басталысымен басымдылыққа ие болды, осылайша ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (49:46, 49:45, 49:44) жеңіске жетті. 
Айта кетейік, үш жыл бұрын Нуньес UFC жұлдызы Ронда Роузиді 48 секундта жеңген болатын. 

Хабар 24 телеарнасы