412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


IX Сурдлимпиадада шахматтан Қазақстанның ерлер құрамасы алтын алды

  • 368
  • UPD: 23:20, 20.12.2019
IX Сурдлимпиадада шахматтан Қазақстанның ерлер құрамасы алтын алды

Италияның Валкьявенна қаласында өткен IX Сурдлимпиадада шахматтан еліміздің ерлер құрамасы алтын алды, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

Отандастарымыз 15 елдің спортшылары қатысқан шахматтан командалық ойында он кездесу өткізді. Моңғолия, Хорватия, Болгария, Италияның спортшыларын айқын басымдықпен ұтқан шахматшыларымыз Ресей, Польша, Германия, Өзбекстан құрамасымен тең ойын көрсетті. Қорытынды ойында Беларусь шахматшыларымен кездескен біздің спортшылар 2:2 есебімен тең түсті.

Қазақстан құрамасы сапында Самажан Кеттебеков, Виктор Максименко, Амангелді Наурызғалиев, Берік Нұрымов, Дмитрий Мочалский сынды шахматшылар ел намасын қорғады. Команда капитаны Максим Рожков.

Осынау халықаралық байрақты бәсекеде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан спортшыларымызды ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтады.

Хабар 24 телеарнасы