377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилиялық джиу-джитсу федерациясы балғын спортшыларды марапаттады

  • 148
  • UPD: 13:29, 25.12.2019

Спорттың қай саласы болмасын жыл соңында үздіктерді анықтап жатады. Еліміздегі бразилиялық джиу-джитсу федерациясы да балғын спортшыларды марапаттауды дәстүрге айналдырған.

«Алтын жүрек» аталған биылғы іс-шараға Алматы қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері  мен көп балалы отбасылардан шыққан жас өрендер қатысты.

«Қазір Қазақстанда джиу-джитсу спортына деген қызығушылық артып келеді» дейді қауымдастық басшылары. Жыл бойы түрлі турнирлерде топ жарған өрендердің еңбегі ескерусіз қалмады. Әлем және Азия біріншіліктерінде топ жарған спортшыларға қаржылай сыйлықтар табыс етілсе, халықаралық жарыстарда көзге түскендер ынталандыру жүлделеріне ие болды.

Ақмарал Қанатбаева, Бразилиялық джиу-джитсу федерациясының вице-президенті:

- Бұлақ көрсең көзін аш деген. Біздер жас таланттардың жолын ашу мақсатында осындай шараларды жиі ұйымдастырып тұрамыз. Бірінші кезекте көп балалы отбасылармен балалар үйінің тәрбиеленушілерін назарда ұстаймыз. Барлық қиындықтарға төзіп, байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап жүрген жас өрендеріміз кез-келген марапатқа лайық деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы