377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» велошабандоздарын жаттығу кезінде көлік қағып кетті

  • 129
  • UPD: 12:40, 31.12.2019
«Астана» велошабандоздарын жаттығу кезінде көлік қағып кетті

Қазақстандық велошабандоздар Евгений Гидич пен Вадим Пронскиді көлік қағып кетті, деп хабарлады Vesti.kz.

Оқиға жаттығу кезінде болған. Екеуі дереу ауруханаға жеткізілді. «Гидич жарақат алып, қолын болмашы жарақаттап алды. Пронскийдің сол тізесі жарақаттанған. Сонымен қатар, оның иегіне бірнеше тігіс салынған. Бақытымызға орай, сынықсыз және басқа да ауыр жарақат алмаған», – делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Хабар 24 телеарнасы