loader

«Нью-Йорк Янкиз» бейсболшысы 81 матчқа шеттетілді Prosports.kz

«Нью-Йорк Янкиз» бейсболшысы 81 матчқа шеттетілді

«Нью-Йорк Янкиз» бейсболшысы Доминго Херман өзінің құрбысына қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін чемпионаттағы 81 ойыннан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы доминикандық бейсбол ойыншысы құрбысына физикалық зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Бейсболшы қыркүйек айынан бері алаңға шықпаған. 3 айдан астам уақыт ішінде командасы 18 матч өткізді. Яғни, спортшы 18 матчтық жазасын өтеген, енді 63 ойын қалды. 

Херманның жалақысы – аптасына 557 мың долллар. Алайда шектеу уақыты аяқталғанға дейін спортшы клубтан бір тиын да алмайды.

Сондай-ақ...