380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зарина Дияс Гонконг турнирінің жеңімпазы атанды

  • 219
  • UPD: 15:02, 05.01.2020
Зарина Дияс Гонконг турнирінің жеңімпазы атанды

Зарина Дияс ITF сериясындағы Гонконг турнирінде топ жарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық теннисші ұтыс қоры 25 мың долларды құраған жарыстың финалында қытай қызы Чжу Линнен басым түсті. Есеп: 6:4, 7:5. Зарина спорттық мансабындағы оныншы жүлдесіне ие болды. Әлемдік рейтингте 77-орында тұрған жерлесіміз бұған дейін ITF сериясындағы сегіз турнирде жеңіске жетіп, бір мәрте WTA санатындағы жарыста топ жарғанын айта кетейік

Хабар 24 телеарнасы