375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Реал» футболшылары «Валенсиядан» басым түсті

  • 119
  • UPD: 13:02, 09.01.2020
«Реал» футболшылары «Валенсиядан» басым түсті

«Реал» Испания суперкубогінің финалына шықты. Зинедин Зидан шәкірттері жартылай финалда 3:1 есебімен «Валенсиядан» басым түсті.

Сауд арабиясында өткен матчтың 15-минутында Тони Кроос есеп ашты. «Валенсия» қақпашысының қателігін ұтымды пайдаланған ол алаң бұрышынан қақпаны дәл көздеді. Тайм соңына қарай Иско нәтижені еселей түсті. 65-ші минутта Лука Модрич үшінші голдың авторы атанды. «Валенсия» жалғыз голмен жауап қатты. «Реалдың» финалдағы қарсыласы «Барселона» мен «Атлетико» арасында анықталады. Суперкубоктің шешуші ойыны 12 қаңтарда өтеді.       

Испания суперкубогының екінші жартылай финалында «Барселона» мен «Атлетико» кездеседі. Қаржы табуды көздеген испан футбол федерациясы ла лигадағы төрт мықты арасында шағын турнир ұйымдастырды. Бұл жолы Сауд Арабиясы қонақжай қылық танытып, Жидда қаласында суперкубок жарысын қабылдады. «Атлетико» чемпионатта кеткен есені суперкубок бәсекесінде қайтарсам дейді. Ла лигадағы соңғы ойында «Барселона» Мадрид командасынан 1:0 есебімен басым түскені белгілі. Жалғыз голды Лионель Месси соққан болатын. Бұл жолы да Каталония клубы аргентиналық футболшыға сенім артады.

Хабар 24 телеарнасы