412,28 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Григорчук «Астана» футбол клубының бас бапкерлігінен кетті

  • 350
  • UPD: 23:15, 13.01.2020
Григорчук «Астана» футбол клубының бас бапкерлігінен кетті

«Астана» футбол клубы екі жақтың келісімі бойынша Роман Григорчукпен келісім-шартын тоқтатты, деп хабарлайды елордалық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған prosports.kz. 

Украиналық маман «Астана» футбол клубына 2018 жылы келген. Бірақ алғашқы маусымда отбасылық жағдайына байланысты клубтан уақытша кетуге мәжбүр болды. 2019 жылдың қаңтарында жұмысына қайта кірісті.

Өткен маусымда Григорчук «Астанамен» суперкубокті және ел біріншілігін жеңді. Елордалық команданы Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жеткізді. Бас бапкердің көмекшілері Михаил Савка, Анатолий Коротя және Андрей Глущенколар да қызметтерінен кетті. 

«Астана» футбол клубы ресми сайтында украиналық бапкерге атқарған қызметі үшін рахмет айтып, бапкерлік мансабында сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Роман Григорчук жанкүйерлерді, футболшыларды, барлық бірге қызмет атқарған адамдарына алғыс айтты. Ең есте қалған сәті ретінде БАТЭ-ге қарсы өткізген ойынды атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы