380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық екі боксшы IBF рейтингінде жоғарылады

  • 252
  • UPD: 09:35, 15.01.2020
Қазақстандық екі боксшы IBF рейтингінде жоғарылады

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингін жаңартты, деп хабарлады Vesti.kz.

Бұл тізімде төрт қазақстандық боксшы бар. 

Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) тоғыздан сегізінші орынға, ал Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) 15-тен 12-ші орынға көтерілді. Жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) сегізінші болып қалды, ал бірінші жартылай орта дивизионда Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) бұрынғысынша 12-орында келеді. 

Орта салмақ бойынша 14-орынға Талдықорған тумасы Анатолий Мұратов (22-2, 15 КО) жайғасқан.

Айта кетейік, Әлімханұлында WBC Continental Americas және WBO Global, Нұрсұлтановта WBC (USNBC), Жүкембаевта WBC Continental Americas пен IBF Inter-Continental, ал Жаңабаевта WBA Inter-Continental, IBF Australasian және WBO Oriental титулдары бар.
Хабар 24 телеарнасы