443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания кубогы: «Реал» мен «Барселона» жарыстан шықты

  • 177
Испания кубогы: «Реал» мен «Барселона» жарыстан шықты

«Реал» мен «Барселона» Испания кубогы жолындағы жарысты тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мадриттік клуб ширек финалда «Реал Сосьедадпен» жолыққан болатын. Қонақтар алға шығып, 56-минутқа дейін жауапсыз 3 гол соқты. Зидан баптайтын жігіттер қанша тырысқанымен, есе қайтара алмады. Қорытынды есеп: 3:4. Ал «Барселона» мен «Атлетика» арасындағы матчтың тағдыры ең соңғы минутта шешілді. Ойын аяқталарда Иньяки Уильямс мергендігімен көзге түсіп, өз командасына жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, «Барселона» бұған дейін 6 жыл қатарынан Испания кубогының финалында өнер көрсеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы