423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық регбиші қыздар Африкадағы жарысқа қатысады

  • 468
  • UPD: 23:49, 12.02.2020
Қазақстандық регбиші қыздар Африкадағы жарысқа қатысады

28-29 наурызда Стелленбос қаласында (Оңтүстік Африка Республикасы) регби-7 бойынша HSBC Sevens Challenger сериясының әйелдер құрамалары арасында алғаш рет халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа 12 құрама қатысады: Аргентина, Бельгия, Қытай, Колумбия, Жапония, Қазақстан, Кения, Мексика, Папуа-Жаңа Гвинея, Польша, Шотландия және Оңтүстік Африка Республикасы.

Қатысушы командалар төрт құрамадан тұратын үш топқа бөлінеді. Плей-офф кезеңі гранд финалмен аяқталады, оның жеңімпазы 2021 жылы Бүкіләлемдік регби-7 сериясына қатысу құқығына ие болады. 

Бүкіләлемдік регби-7 сериясында әлемдегі ең мықты құрамалар өнер көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы