443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жас биатлоншылар Мәскеуде халықаралық турнирге қатысуда

  • 143
  • UPD: 10:10, 13.02.2020
Қазақстандық жас биатлоншылар Мәскеуде халықаралық турнирге қатысуда

Ресейде биатлоннан жасөспірімдер арасында дәстүрлі MRBOC халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.

Аталған жарысқа Қазақстан биатлоншылар одағы кубогінде топ жарған спортшылар қатысады. Қазақстан сапынан қатысатын спортшыларды бапкер Серей Щербаков баптайды. 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы бәсеке биыл бірінші рет IBU күнтізбесіне сәйкес өткізіліп отыр.

11 ақпан күні басталған турнир 15 ақпанға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы