445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада дәстүрлі универсиада жалауын желбіретті

  • 134
  • UPD: 13:10, 18.02.2020
Елордада дәстүрлі универсиада жалауын желбіретті

Елордада жыл сайын тұрақты өтіп тұратын универсиада басталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл жолғы байрақты бәсеке 13 жоғары оқу орнының басын қосып отыр. Ал жарысқа қатысатын студенттер саны мыңнан асады. Бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы биылғы бәсеке бағдарламасына 16 спорт түрін енгізген. Оның ішінде асық ату мен қазақ күресі сияқты ұлттық ойындар да бар. Салтанатты ашылу рәсімінде спорт шебері атанған студенттерге ресми құжаттары табысталды және қазір жарысқа қатысып жатқандар да осындай спорттық атаққа қол жеткізе алады дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, студенттер арасындағы сайыс 5 айға созылады.

Бауыржан Сахарбаев, бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясының басшысы:

– Бұл жарыстың басты мақсаты, бұқаралық спортты дамытып, жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту. Бұған қоса, қабілетті студенттердің жолын ашқымыз келеді. Яғни, дәл осы бәсекеде ерекше көзге түскендер кейін кәсіпқой клубтар мен құрамалардың қатарына алынуы мүмкін. Айта кету керек, елордадағы универсиада осымен 29-шы мәрте ұйымдастырылып тұр.

 

Хабар 24 телеарнасы