Dusseldorf Grand Slam 2020: Галбадрах Отгонцэцэг денсаулығына байланысты қатыспайды
- 1110
- UPD: 16:20, 21.02.2020

Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Дюссельдорфта өтетін Grand Slam жарысына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
21 ақпан күні Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы басталады. 48 келіге дейінгі салмақта күресетін Галбадрах Отгонцэцэг денсаулығының сыр беруіне байланысты аталған турнирге қатыспайтын болды.
Айта кетерлігі, бүгін, жарыстың бірінші күнінде әйелдер 48, 52, 57 келі, ерлер 60 және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды. Қазақстан сапынан татамиге Дәурен Сүйеукенов, Мағжан Шамшадин, Ерлан Серікжанов және Анна Казюлина шығады.