419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теннис: Бублик Марсель турнирінің финалына шыға алмады

  • 232
  • UPD: 22:21, 22.02.2020
Теннис: Бублик Марсель турнирінің финалына шыға алмады prosports.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Бублик жартылай финалда әлемнің алтыншы, осы жарыстың 2-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен күш сынасты.

Грекиялық спортшы бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екінші сетте де сол қарқынынан айырылмады – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 7 минутқа созылды.

С.Циципас бұл додада өзінің өткен жылғы чемпиондық атағын қорғауда. 2019 жылы финалда ол тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкинді ұтқан болатын.

Грекиялық теннисші финалда әлемнің 18-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссим немесе рейтингте 58-сатыдағы Жиль Симонның біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубай турнирінің финалына, А.Бубликтің Марсельде жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы