423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» плей-офф кезеңіне дайындалып жатыр

  • 307
  • UPD: 17:54, 28.02.2020
«Барыс» плей-офф кезеңіне дайындалып жатыр

Құрлықтық хоккей лигасының маусымдық біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елорда хоккейшілері ортаңқол командаларды ғана емес, азулы қарсыластарынан да басым түсіп, Шығыс конференциясында екінші орынға жайғасты. Енді «Барыс» үшін шешуші кезең жақындады. Жексенбі күні олар плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Елордаға Магнитагорскінің «Металлургы» қонаққа келеді. Осы ретте «Барыс» алдағы матчқа тыңғылықты дайындалып жатыр. Елорда командасының төрт көзі түгел. Шабуылшы Роман Старченко мен швециялық қорғаушы Виктор Сведберг жарақатынан толық айығып, қатарға қосылды. Бас бапкер Андрей Скабелка команда маусымды жақсы өткізгенін бірақ плей-оффта босаңсуға болмайтынын атап өтті.

Андрей Скабелка, «Барыс» хк бас бапкері:

Ия, команда маусымда тамаша өткізді. Ай сайын ұпай жинап, алғашқы төрттіктің қатарында жүрдік. Сондықтан маусымға ризамыз. Бірақ алда жауапты сын күтіп тұр. Плей-офф басқа турнир. Оған тыңғылықты дайындалып жатырмыз. «Металлург» мықты команда. Олардың сапында кубок ұтқан тәжірибелі жігіттер бар. Шеберлік деңгейлері де жоғары. Қызықты серия болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы