399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» спорт клубының бұрынғы басшысы қамауға алынды

  • 268
  • UPD: 12:19, 03.03.2020
«Астана» спорт клубының бұрынғы басшысы қамауға алынды tengrinews.kz

«Астана» спорт клубының экс-директоры Аманбек Құлшықов қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Самұрық-Қазына» спортты дамыту мен Қазақстан имиджіне бөлген қаражатты жымқыру ісі бойынша қылмысты істі тергеп жатыр. Тергеу мәліметінше, велоклубтың экс-директоры Аманбек Құлшықов пен оның сыбайластары Astana Pro Team велокомандасы басшысы Ләззат Шәмшиева мен Astana Motorsport басшысы Артур Ардавичуспен дайындаған қылмыстық схема анықталды», – деді Перов Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында. 

Оның айтуынша, бөлінген қаражат шетелдік компаниялармен келісімшарттарға отырып, жалған құжаттарға қол қою арқылы жымқырылған.

«Мысалы, демеушілер жыл сайын 200 велосипедті тегін беріп отырған. Ол велосипедтердің барлығы халықаралық стандартқа сай болған. 2018 жылы тағы құны 219 мың еуро болатын алты велосипед берілген. Бірақ іс жүзінде бұл велосипедтер қолданылмаған болып шықты, ол қаражаттың барлығы жымқырылған», – деді Сергей Перов.

Келтірілген шығын 2 миллиард теңгеден асады дейді.

«Қазіргі уақытта Құлшықов пен Шәмшиева Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында. Сот бұлтарпау шарасы ретінде оларды екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Ардавичус халықаралық іздеуде жүр», – деді Перов.

Хабар 24 телеарнасы