426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дэвис кубогының іріктеу кезеңі Кукушкин мен Хасе арасындағы матчпен ашылады

  • 454
Дэвис кубогының іріктеу кезеңі Кукушкин мен Хасе арасындағы матчпен ашылады

Ертең елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан мен Нидерланд теннисшілері Дэвис кубогының іріктеу кезеңін бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Юрий Щукин бастаған біздің жігіттер жыл соңында Мадрид қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алуды көздейді. Өткен жылы қызғалдақты елдің теннисшілері Қазақстаннан 1:2 есебімен жеңіліп қалған. Бұл жолы тәжірибелі Робин Хасе бастаған ойыншылар қарымта қайтаруға тырысады. Бүгін жарыстың жеребесі тартылып, кімдердің кездесуді бастайтыны белгілі болды. Қазақстан - Нидерланды бәсекесі Михаил Кукушкин мен Робин Хасе арасындағы матчпен ашылады. Жекелей сындағы екінші жұпта Александр Бублик пен Таллон Грикспур кездеседі. Сенбі күні тағы үш ойын өтеді. Алдымен Александр Недовесов пен Андрей Голубев Уэсли Колхоф және Жан-Жюльен Ройер жұбымен кортқа шығады. Сосын Бублик Робин Хасеге қарсылас атанса, Кукушкин Грикспурмен сынға түседі. Жалпы есепте жеңіске жеткен команда үздік 16 құрама қатысатын финалдық кезеңге жолдама алады.

Михаил Кукушкин, Қазақстан құрамасының теннисшісі:

– Дэвис кубогындағы кез келген матч біз үшін маңызды екенін білеміз. Сондықтан бұл турнирге тыңғылықты дайындықпен келдік. Еліміздің атынан шыққан соң, зор жауапкершілік артылады. Үздік ойынымызды көрсетуге тырысамыз. Робин Хасе – көп жылдан бері жоғары деңгейде ойнап келе жатқан тәжірибелі теннисші. Қарсылас командадағы өзге ойыншыларды да жақсы танимыз. Қызықты кездесу болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы