412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирандық бапкердің өліміне коронавирус себеп болды

  • 236
Ирандық бапкердің өліміне коронавирус себеп болды Depositphotos

Футбол және шағын футбол жаттықтырушысы, ирандық Ахмад Тахери қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz ирандық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Тахериге төрт ай бұрын ми ісігін алып тастау операциясы жасалды, маман соның кесірінен иммунитетін әлсіретіп алған.

Тахери Иранның футзал командаларын, атап айтқанда «Банк Техаджарат», «Пейман» и «Эстеглал» жаттықтырған.

Иранда коронавирустық инфекциялардан көз жұмғандар саны 853 адамды құрайды. Жалпы республикада 15 мыңға жуық инфекция жағдайы расталды. Ирандағы барлық спорттық жиындар 20 сәуірге дейін тоқтатылады.

COVID-19 коронавирусының өршуі Қытайда өткен жылдың соңында тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, одан 6,5 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы