432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олимпиада-2020: Токио қанша қаржы жоғалтады

  • 174
  • UPD: 15:17, 26.03.2020
Олимпиада-2020: Токио қанша қаржы жоғалтады pixabay

Токио олимпиадасының бюджеті 2019 жылдың желтоқсанында шамамен $12,6 млрд долларды құраған.

2020 жылғы Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты келесі жылға қалдырылған болатын. Ұйымдастырушылар бұл шешімнен соң $2,7 млрд жоғалтуы мүмкін, деп болжайды Forbes.

Басылымның мәліметінше, 2019 жылдың желтоқсан айында ойындардың қаржысы $12,6 млрд құраған. Уақыты шегерілген соң Олимпиаданы ұйымдастыруға тағы $15,3 млрд жұмсалуы мүмкін.

Айтпақша, доданың атауы өзгеріссіз қалмақ. Яғни енді 2021 жылдың жазында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындары «Токио-2020» деп атала береді.

Хабар 24 телеарнасы